Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орны, қызметтерін бейнелеңіз

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Исламтұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынынамұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші.Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларғабөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады. Сонымен қатар, маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады.[



Қазіргі кезде дінге нақты бөліп ден қою етек алып келеді. Социализм қоғамында «дін – апиын» деп түсіндіріліп, барлық іс-әрекет дінді адамзат өркениетінен аластату үшін жасалынған көрінеді.
Бірақ менің рефератымның тақырыбы діннің адам өміріндегі рухани ізгіліктерге әсері жөнінде болып отыр. Демек осы кезеңге дейін адамзат баласы дінді рухани тірек ретінде арқа тұтты деген сөз.
Өркениеттің ең шарықтап көтерілген тұстарында діннің әсері өте мықты болған. Сол замандарда рухани жағынан кемел туындылар туындаған. Соның мысалы ретінде Рафаэльдің, Микеланджелоның туындыларын атауға болады.
Тағы бір айта кететінім: діннің келеңсіз көріністерге жол бергені де анық. Өйткені инквизиция дәуірі сол діннің әсерінен туындаған да болатын. Сондықтан дінді дәріптеген кезде мұндай көлеңкелі кездердің де болғанын есте ұстағанымыз абзал-ау шамасы.
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дінді философиялық-әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз - оны қоғамдық сана мен дүниетанымның нысаны (формасы), діни мәдениет түрінде көрінуі, белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін және саясат мәселелерін зерттеу.



Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырыңыз және "Экономикалық адам" түсінігін айқындаңыз

Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады. Бұл арнаулы теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды. Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыда бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады. Бұған экономиканың алуан түрлі салалары, әлеуметтік инститіттар (фирмалар, акционерлік қоғамдар (АО) корпорациялар, банктер, т.б.), алуан түрлі адамдар бірлігі (мысалы, өндіріс, еңбек ұжымдары, өндірістік бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.) ; экономикалық процестер, өндңрңс саласындағы қатынастар (үстемдік ету – бағыну, басқару-орындау), еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық-материалдық жағдайы, көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапсының артуына әсері, т.б. жатады.

Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әрекеті, қызметінің жемісі ретінде қарайды. Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждығы, талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рөлдер, яғни қызмет атқарады, осыған сәйкес оған қоғамда әр түрлі орында, жағдайда, беделде, т.б. болады. Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретіндеэкономиканың өзалдына жүйе деп қарайды. Ал, экономикалық жүйеде- өндіріс-бөлу-айырбастау-тұтыну жүзеге асырылады. Ал, бұл процестің нарықтық түрі: “Сұраныс және ұсыныс”. Нарық дегеніміз, тар мағынада- азық-түлік және басқа өндіріс бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны. Ғылыми тілмен айтқанда, ол тауар айналымының өрісі, сатып алу мен сату ісінің жиынтығы. Таурларды ұсыну жіне оған деген төлеу қабілеті бар сұраныс. Нарық теориясы ұдайы өндіріс (воспроизводство) теориясының құрамды бір бөлігі. Нарық тауар өндірісі туып, өсуімен қатар пайда болып, дами бастайды, әсіресе ол қала мен ауылда натуралдық шаруашылық ыдырап, қоғамдық еңбек бөлінісі тереңдей түскен кезде етек алып кеңейеді.

Әлеуметтік зерттеуде бұл екі процес, яғни сұраныс пен ұсыныс қатар қолданылады, өйткені, зерттеуші әлеуметтанушының басты назары ең алдымен мұндағы алуан түрлі адамдардың, олардың топтарының мінез-құлқына аударылады. Адам және оның топтары – жұмысшы, қызметкер, тұтынушы, айырбастушы, стаушы, сатып алушы, т.б. ретінде қарастырылады. Экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін жан-жақты ескеріп, талдап отыру керек. Мысалы, әлеуметтік, рухани құндылықтары бойынша адамның ең жоғары қасиеттері-инабаттылығы, еңбек сүйгіштігі, оған қатынасы, ынталығы, ұқыптылығы, оның қайырымдылығы, әділеттілігі, жауапкершілігі, белсеңділігі, шаруа қорлығы, т.б. қоғамдық өндірісті дамытып, оның өнімін көбейтіп, сапалы тауарларды көп өндіруге тікелей әсерін тигізіп отырады.

Осыларға орай, экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны мен түрлері, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің білім деңгейі мен мамандығы, саналылығы, әділеттілігі, белсеңділігі, жауапкершілігі, т.б. қасиеттері еңбек процесіне қалай әсер ететінің де зерттейдң.

Экономикалық әлеуметтанудың бір ерекшелігі сол, ол экономика құбылыстар мен процестерді жеке адамның топты оның ішінде жіктің экономикалық жағдайы, материалдық әл-ауқаты, одан туатын сана, ойлау және мінез-құлқымен тығыз байланыстырады. Сөйтіп ол экономиканы реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмдерін ашады да, экономикалық сананы, экономикалық ойлауды, экономикалық ынта, ықылас, мәдениет, т.б. мәселелерді зерттейді. Міне, осылардың бәрі экономиканы әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің ең басты мәселелері.

Қазіргі уақытта біздің еліміз нарқытық экономикаға өтуде. Ал, нарықтық экономика деп нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық өмірін ұйымдастыру, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен шартты жағдайын айтамыз. Нарықтық қатынастар- бұл экономикалық қатынастар.Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты жаңа экономикалық құбылыстар мен процестер (жекешелендіру, акционерлендіру, аренда, фирма, корпорация, аукцион, биржа, т.б.) өмірге келіп, жаңа ұғымдар, түсініктерді туғызды. Бұл құбылыстарды, оларды бейнелейтін ұғымдарды экономикалық теория тікелей зерттейді. Ал, әлеуметтану осындай экономикалық мәселелерді қарастырғанда, ең алдымен, адамның, әлеуметтік топтың, жіктің экономикалық мінез-құлқын қарайды. Сондықтан экономикалық әлеуметтану қандай да бір экономикалық қшбылыс, процес болмасын, оларды талдау, анықтауда әр уақытта нақтылы жеке адамнан, оның топ-жіктерінен, олардың өмір тіршілік ерекшеліктерінен, жағдайынан бастайды.

Сонымен, экономикалық жүйедегі адам, оның нысаны бағыттары, тіртібі – міне экономикалық әлеуметтанудың құбылыстары мен процестерді зерттеудің басты бағыттары мен мәселелері. Дәлірегі, адамның өмір сүріп, отырған ортасы – қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп жатқан өзгерітсерге (ой-пікірлері, көзқарастары), нарықтық қатынастарға, ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейді. Алғашқы кезде көпшілік халық нарықтық қатынастарға, экономикаға көшкісі келмей оған бөгет жасады. Елде мұндай жағдайдың болуы ескі стереотипті ойлаудың болып жатқан іс-әрекеті сол уақыттағы кер тартпалылығымен түсіндіруге болады. Тек қана кейінгі 2-3 жыдарда ғана халық нарықтық экономиканың қай жағынан болсын, пайдалы, тиімді екенін түсініп, мойындайды. Сөйтіп қазіргі халықтың басым көпшілігі нарықтық экономикалық қатынастарды жақтап, оның ілгері джамуына күш салуда. Экономикалық әлеуметтану экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттегенде белгілі бір әдістемелік қағидаларға сүйенеді. Олар:

1.Қандай да бір экономикалық процестерді зерттеу объектісіне айналдырғанда экономикалық әлеуметтану өндірістегі әрбір таптың оның ішіндегі топтың, мұң-мұқтажы, мүдде, талап-тілегі тұрғысынан зерттейді.

2.Қандайда бір әлеуметтік талдау жүргізбесін, экономикалық әлеуметтану өндірістегі әлеуметтік топтардың, оның жіктерінің меншік формасына қатынасын, әл-ауқатының дәрежесін, өмір сүру жағдайларын нақтылы еске алып отырады.

3.Экономиканы, ондағықатынастарды дамытуға әлеуметтік факторлардың тигізетін әсерін және экономикалық қатынастардың әлеуметтік қатынастарға, процестерге тигізетін әсерін ескереді.

4.Әлеуметтік-экономикалық міндеттері шешуде әлеуметтік, яғни,адам факторына басты назар аударады.

5.Экономикалық және әлеуметтік мәселелерді тығыз байланыста қарап, шешілетін практикалық мәселелерді де бірыңғай байланыста қарауға бағыттап отыралы,

6.Шаруашылық тетігімен салыстырғанда әлеуметтік тетіктің ықпалы басым түсінетінін әр уақытта ескеруді қажет етеді;

7.Экономикалық және әлеуметтік саяси тығыз байланыста болатынын есте ұстау


3049105450111903.html
3049205829445987.html
    PR.RU™